АҚШ-та он жылдан бері комада жатқан әйел босанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та он жыл комада жатқан әйел босанды. Сәбидің әкесі аурухана қызметкері болуы мүмкін, деп хабарлайды ВВС.
None
None

АҚШ-тың Аризона штатында он жылдан астам уақыт бойы комада жатқан әйел бала тапты. Полиция зорлау дерегі бойынша тергеу амалдарын бастап кетті. Тәртіп сақшылары аурухана қызметкерлерінің ДНҚ үлгілерін тексеріп жатыр.

Оқыс оқиға Финикс қаласының маңындағы Hacienda емханада болған. Ауруханада он жылдан бері комада жатқан әйел 29 желтоқсан күні бала тапты. Бала туа салысымен тыныс алмаған, бірақ қазір аман-есен, дәрігерлер оның денсаулығын қадағалап отыр.

CBS телеарнасының хабарлауынша, аурухана қызметкерлері комада жатқан әйелдің қалай жүкті болып қалғанын біле алмай дел-сал болып отыр. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, науқас әйелге тұрақты түрде күтім жасалуы қажет екендіктен көптеген қызметкерлер оның палатасына кіруге құқылы болған.

Науқас әйелдің отбасының мүддесін қорғап отырған адвокат Джон Майклстың айтуынша, оның туыстары бұл келеңсіз жағдайдан әлі ес жия алмай отыр.

Әзірге әйелдің аты-жөні құпия сақталуда. Бір белгілісі, ол суға батып кеткеннен кейін комаға түскен.

Аризона штатының денсаулық сақтау департаменті ауруханадағы қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, енді емханадағы ер адамдар науқас әйелдердің палатасына тек әйел қызметкерлермен бірге кіретін болады.

Соңғы жаңалықтар