АҚШ-та өрмекшіні өлтірмек болған ер адам жанармай құю стансасын өртеп жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Детройттың (АҚШ) көлікке жанармай құю стансаларының бірінде қисынсыз өрт оқиғасы болды.
None
None

Көлігіне жанармай құю үшін келген оның иесі машина қорабынан өрмекшіні көргенде, қатты шошып кеткен.

Алайда өрмекшіні қағып тастаудың немесе басып өлтірудің орнына жүргізуші оны өртеп жіберген. Соның салдарынан жалын тілі көліктің алдыңғы бөлігінен жанармай құю шлангтарына өтіп, үлкен өртке ұласа жаздады.

Соңғы жаңалықтар