АҚШ- та өрт сөндіруші ұшақ апатқа ұшырады

АРИЗОНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Аризона штатында дала өртін сөндіру кезінде ұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық өрт сөндірушілер қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Airlive ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ- та өрт сөндіруші ұшақ апатқа ұшырады

Жергілікті жер қойнауын пайдалану департаментінің хабарлауынша, оқиға жексенбіге қараған түні болған. Борттағы екі адам қаза тапты.

100-ге жуық адам тұратын шағын елді мекеннің жанындағы орманға жай түсіп, өртенген. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.