16:13, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
АҚШ-та «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті
МӘСКЕУ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат – АҚШ-та Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығын тапсырудың 81-ші салтанаты өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Оның нәтижесі бойынша режиссер Дэнни Бойлдың «Шеткері түпкірден шыққан миллионер» фильмі жылдың таңдаулы фильмі деп танылды. Осы фильм барлығы 8 бірдей «Оскар» наградасына ие болды. Сондай-ақ таңдаулы әйел рөлі, таңдаулы ер адамның рөлі, таңдаулы мультфильм және басқа да аталымдар бойынша сыйлықтар тапсырылды.
Таңдаулы шетелдік фильм аталымында жапондық режиссер Йоиро Такитаның «Шығарып салу» лентасы алтын мүсіншеге ие болды.
«Оскар» сыйлықтарын тапсыру 1929 жылдан бері өткізіліп келеді.