АҚШ-та «Оскар» сыйлығының номинанттары жарияланады

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Американың киноакадемиясы бүгін «Оскар» сыйлығының номинанттарын жариялайды. Қазылар алқасы үздік он фильмді, сондай-ақ үздік продюссерлер мен артістерді, операторлар мен басқа да кино қайраткерлерін атайды, деп хабарлайды Utro.ru сайты.

АҚШ-та  «Оскар»  сыйлығының   номинанттары  жарияланады

Сарапшылардың пайымдауынша, әзірге Дэвид Финчердің «Әлеуметтік желі» фильмі көш бастап келеді. Үздік «ондықтың» қатарына сондай-ақ Том Хупердің «Король сөйлейді», Даррен Аронофскидің «Қара аққу», Кристофер Ноланның «Бастау» фильмдері кіріп отыр. Көптеген сыншылар «Ойыншықтар оқиғасы-3» мультфильмінің де «Оскардан» үмітті екенін айтуда.