АҚШ-та ота арқылы балаға қол жалғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та Мэрилэнд штатының Оуингс-Милс қаласында сырқатына байланысты білезігінен төмен қолы кесілген сегіз жастағы Зайон Харвиге ота арқылы қол жалғанды, деп хабарлады Associated Press. Осылайша, ол мұндай ота жасалған ең жас науқас атанды.
None
None

Нәресте кезінде бала сесписпен сырқаттанып, білезігінен төмен қолы мен қызыласықтан төмен аяғын кесіп тастауға тура келген. Аяқ протезі оның жүріп-тұруына, тіпті ойынқұмар балалардың бірі болуына сеп болған. Енді оның қолы да орнына келді.

Ота 11 сағатқа созылды. Оған 40 дәрігер қатысты. Зайон ауруханада әлі де бірнеше апта болады, донор қолы жансызданып қалмау үшін оған өмір бойы иммунитетті басып отыратын препарат қабылдап отыруға тура келеді.

Соңғы жаңалықтар