АҚШ-та отбасылық жұп қараңғылықтан қорқатын ұлын жүксалғышқа қамап емдемек болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пенсильвания штаты, Питтсбургтен отбасылық жұп қараңғылықтан қорқатын ұлын көлік жүксалғышына қамап емдемек болды, деп хабарлайды Lenta.ru.
Ленхарттар отбасы жүксалғыштағы баласын кәмпит беріп алдаған. Олардың бұндай тәрбие әдістемесі туралы қамқорлыққа алу органдары өкілдеріне зардап шеккен баланың ағасы жеткізген. Осыдан кейін балаларды туыстарына берді, ата-аналарына қатысты бала өміріне қауіп төндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотта ерлі-зайыпты Джеффри мен Даниэль Ленхарт (Jeffrey и Danielle Lenhart) өз істеріне өкінетіндерін айтты. Судья баланы психологқа апаруды ұсынды, сондай-ақ ата-анасына екі жыл шартты түрде жазасын өтеу үкімін шығарды. Таяуда екі бала да үйлеріне қайтады.