АҚШ-та оймен басқарылатын протез ойлап табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 40 жыл бұрын қайғылы оқиға кезінде екі бірдей қолынан айырылған Лес Бо оймен басқаруға болатын екі толыққанды роботтандырылған протезді «киген» алғашқы адам болды, деп жазады HiNews порталы.

АҚШ-та оймен басқарылатын протез ойлап табылды

Емделушінің жасанды қолын қимылдатуы үшін алдымен жүйке тамырларын протезбен қосатын күрделі ота жасалған.

«Бұл - қолдың жүйкесі протезге қосылатын жаңа хирургиялық процедура», - дейді хирург травматолог маман.

Бұдан басқа, емделуші протезді оймен басқаруды үйрететін курстан өтуі қажет. Бұл күрделі ота мен оқытудан кейін адам өз қолын пайдалана алады.

Сауығудың келесі қадамы - роботтандырылған қолдарға үйрену. Енді пациенттің оларды күнделікті өмірде қолдануға үйренуі қажет болады.