АҚШ-та ойыншық «Калашников» автоматын ұстаған 13 жасар жасөспірім оққа ұшты

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатында полиция қызметкерлері қолында ойыншық «Калашников» автоматын ұстаған 13 жасар жасөспірімді атып түсірді.

АҚШ-та ойыншық «Калашников» автоматын ұстаған 13 жасар жасөспірім оққа ұшты

Полиция өкілінің хабарлауынша, жасөспірімнің қолындағы автомат кәдімгі атыс қаруына қатты ұқсаған. Қаруды жерге тастау туралы бірнеше рет қайталанған нұсқауды орындамағаннан кейін, полицейлер балаға оқ атқан. Осы оқиғаға байланысты сейсенбіде тергеу амалдары басталды.

Бір күн бұрын Невада штатында 12 жасар жасөспірім мектепте оқ атып, математика мұғалімін өлтіріп, екі оқушыны жарақаттады. Осыдай кейін ол өзінің өмірін қиған.