АҚШ-та пиццаның дәмі бар сыра шығарылды

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-та пиццаның дәмі бар сыра өндірілді. Бұл туралы шетелдік БАҚ мәлімдеп отыр.

АҚШ-та пиццаның дәмі бар сыра шығарылды

Чикагоның тұрғындары, ерлі-зайыпты Сиферт үйде жасалған сыра байқауында бақ сынауды ұйғарып, сусын әзірлеген. Жақын арада олар түрлі мемлекеттерде саудаға түсетін сыра-пиццаны шығаруды көздеп отыр. Mamma Mia Pizza Beer атауын иеленген сусынға орегано, райхан гүл, сарымсақ, қызанақ, сондай-ақ пицца жасалатын үгінділер де қосылған.