АҚШ-та полицей 12 жасар балаға оқ атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полицей ойын-сауық орталығында. АҚШ-та Огайо штаты, Кливленд қаласындағы демалыс және ойын-сауық орталығында полицей жасөспірімге оқ атты. Оның қолында пневматикалық тапанша болған, деп жазады РИА Новости.

АҚШ-та полицей 12 жасар балаға оқ атты

Полицияға қаруланған бала туралы хабарлаған адам қоңырау шалған кезде қарудың шын тапанша болмауы мүмкін екендігін екі рет айтқан.

Полицейлер балаға тапаншаны жерге қоюын өтінген, ол құлақ аспаған соң, офицер оған оқ атқан.

«Біз қай қаруға болсын сақ қарауымыз қажет. Егер олай жасамасақ, бір күні үйімізге қайтпай қалуымыз әбен мүмкін», - деді патруль қауымдастығының президенті Джефф Фоллмер.