14:32, 27 Қазан 2015 | GMT +5
АҚШ-та полицей оқушыға қатігездік танытты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл оқиға Ричлэнд (Оңтүстік Каролина, АҚШ) округіндегі мектептердің бірінде орын алды.
Оқу мекемесіне бекітілген полицей тәртіпті бұзған оқушы қызды сыныптан шығару үшін шақыртылған.
Қыздан сабақтан кетуді талап еткен. Ол көнбеді. Тәртіп сақшысы мұғалімнің өтінішін қайталаудың орнына қатігездікпен күш жұмсап қызды алып шықты.
Мұны қыздың сыныптастары телефондағы камераларына түсіріп алған.