АҚШ-та полиция қызметкері Обаманың әйелін атпақшы болған

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та елдің бірінші ханымына қарсы сес көрсетуді айтқан полицейге қатысты тексеру жұмыстары басталды.

АҚШ-та полиция қызметкері Обаманың әйелін атпақшы болған

rus.ruvr.ru ақпаратына сәйкес, полицей президенттік қарауыл мотоциклшілерінің бірі болып шыққан. Қазіргі таңда ол президент пен оның әйелін күзетіп жүру жұмысынан босатылып, әкімшілік қызметке ауыстырылды. Дегенмен ол әлі де бостандықта көрінеді.

Өткен сәрсенбіде, тергеу деректері бойынша, күдікті өз таныстарына Мишель Обаманы атып тастайтынын айтып, мақтанған және оны іске асыру үшін қолданатын қаруының суретін ұялы телефонынан да көрсеткен. Бұл әңгімені тағы бір қызметкер естіп қалып, бірден басшылыққа жеткізген.

Айта кетейік, болуы мүмкін қастандық туралы аталмыш мәліметтер Құпия қызметке жолданып, президент отбасы мүшелерін күзету күшейтілді. Вашингтондық полиция басшылығы өз қызметкерінің «ақылға сыйымсыз сөздерін» мойындағанмен, оған толық түсініктеме беруден бас тартуда.

1tv.kz