Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

АҚШ-та полиция сапына кесіртке қабылданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аризона штаты Эйвондейл қаласының полицейлері қызметке кесірткені қабылдады.

АҚШ-та полиция сапына кесіртке қабылданды

Лента.ру сайтының жазуынша, Айро атты сақалды агама 14 сәуір күні ант қабылдап, полицейлік төсбелгі алды. Рептилия есірткілердің кейбір түрлерін иіс арқылы анықтау үшін Аризона департаментіне 2016 жылдың сәуірінде әкелінді.

Сарапшылардың  пайымынша, бұл кесірткілердің иіс сезу қабілеті күшті және олар тыйым салынған заттарды кинологиялық қызметтердің иттеріне қарағанда жақсы іздеп-табады.