АҚШ-та пойыз апатынан 76 адам жарақат алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Нью-Йорк шаһарында қала маңы жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 76 адам жарақат алды, деп жазады «Хабар 24».
Мамандар адам өміріне аса қауіп төнбегенін айтады. Оқыс оқиға отарба вокзалға кірген кезде болған.
Куәгерлердің айтуынша, пойыз жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберген. Салдарынан апат кезінде қатты соққы даусы естіліп, жолаушылар орнынан ұшып кеткен. Әзірге апаттың неден болғаны белгісіз. Пойызда 600 жолаушы болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.