АҚШ-та пойыз бен мектеп автобусы соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарт - АҚШ-та Солтүстік Докота штатында Ларимор қаласының шығысына қарай пойыз бен мектеп автобусы соқтығысып, салдарынан 2 адам ажал құшып, кемінде 12 адам түрлі деңгейдегі ауыр жарақаттар алды.

АҚШ-та пойыз бен мектеп автобусы соқтығысты

Штат полициясының мәлімдемесіне сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, апат 5 қаңтарда, дүйсенбіде, жергілікті уақытпен сағат 15:30-да теміржол өткелінде орын алған. Апат салдарынан автобус жүргізушісі мен 17 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды.

Зардап шеккендер жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға орнына құтқарушылар бригадасы мен тікұшақтар жеткізілді. Апаттың мән-жайы анықталуда.