АҚШ-та пойыз рельстен шығып кетті, құрбан болғандар бар - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласының шетінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Би-би-си.

АҚШ-та пойыз рельстен шығып кетті, құрбан болғандар бар - ВИДЕО

Мәліметтер бойынша екі адам қаза тауып, 10-ы жарақат алған.

Апат болған кезде пойызда 341 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған.

Пойыз Нью-Йорк - Саванна бағытымен қатынаған. Алдын ала мәліметтер бойынша пойыз жолда қалып қойған экскаватормен соқтығысып, жолдан шығып кеткен.