12:06, 25 Қыркүйек 2016 | GMT +6
АҚШ-та сауда үйінде атыс ұйымдастырған күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық полиция Вашингтон штаты Берлингтон қаласындағы сауда үйінде бес адам ажал құшқан атысқа күдікті жас жігітті қолға түсірді.
Ұсталған ер адамның аты Арқан Сетин, жасы 20-да, сол штаттың шағын Оук-Харбор қаласының тұрғыны болып шықты, ол сол жерден ұсталған сыңайлы, деп хабарлады Би-Би-Си.
Жұмада Cascade Mall сауда орталығында болған атыстан үш әйел, қыз бала қаза тапты, сондай-ақ кейіннен ауруханада ауыр жарақаттан бір ер адам көз жұмды.
ФБР мұны лаңкестік шабуыл деп қарастырмайтындықтарын мәлімдеді. Полиция шабуылдаушы жалғыз өзі оқ атты деген нұсқаны ұстануда.