АҚШ-та саябақтағы атыстан бір полицей қаза тауып, тағы бірі жараланды
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Колумбия қаласының саябағында атыс болып, бір полиция қызметкері қаза тапты, тағы бір тәртіп сақшысы жараланды, деп хабарлайды Xinhua.
Колумбия қалалық полиция департаментінің басшысы Уильям «Скип» Холбруктың мәліметінше, оқиға кезінде күдікті де қаза тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкерлері тұрмыстық жанжал туралы шақырту бойынша оқиға орнына барған.
– Бір полиция қызметкері қаза тапты, тағы бір тәртіп сақшысы жараланды. Күдікті де көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу аяқталғанша тұрғындардан аталған аумаққа бармауды сұраймыз, – деді Уильям Холбрук.
Құқық қорғау органдары оқиға орнында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жергілікті тұрғындарға саябақ маңынан уақытша аулақ болу ескертілді.
Бұған дейін АҚШ-тың Лексингтон қаласындағы саябақта жаппай атыс болып, бір адам қаза тапқан еді. Тағы төрт адам жарақат алды.
Айта кетейік, кеше Швейцариядағы технология фестивалінде атыс болды.