АҚШ-та шалбарына тасбақа салып өткен адам 5 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлты қытай Канада азаматы АҚШ-та тасбақаны заңсыз алып өтпек болғаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

АҚШ-та шалбарына тасбақа салып өткен адам 5 жылға сотталды

2014 жылы Кай Сюйді канадалық шекарашылар ұстаған, себебі оның шалбарынан жасырылған 51 тірі тасбақа табылған.

Ол тасбақа сатып алу үшін Мичиганға көп баратын болған. Ол жерден тасбақа сатып алып Қытайға жөнелтіп келген. Қытайда қосмекенді үй жануары ретінде ұсталады. Осылайша ол контрабандалық жолмен мыңдаған тасбақаны шекарадан өткізген.

Кай Сюйдің айтуынша, ол бауырымен жорғалаушыны сатқаннан түскен ақшаны университеттегі оқуының ақысын төлеуге жұмсаған.

Прокурорлардың айтуынша, ол тасбақаларды Канада мен АҚШ-тан теңіз арқылы Қытайға тасымалдап келген немесе басқа адамдарға жүктерінің арасына салып өту үшін ақшасын төлеп жіберіп отырған.