АҚШ-та шенеунік тұраққа қою автоматтарынан 450 мың доллар ұрлаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Риджвуд қаласы әкімшілігінің бұрынғы шенеунігі Томас Рика сәрсенбі күні өткен сот отырысында жергілікті бюджеттен 450 мың доллар қаржыны жымқырғанын мойындады.
None
None

Аталған соманы ол 25 центтік монеталармен ұрлап отырған.

Қаланы абаттандыру жұмыстарына бақылау жүргізу міндеті артылған 43 жастағы Рика 2013 жылдың қаңтарында жұмысынан босатылған.

Тергеу барысы Риканың алаяқтықпен екі жыл көлемінде айналысып келгенін көрсетті. Осы уақыт аралығында ол жалпы алғанда, 460 мың доллар болатын 1,8 млн монетаны жымқырған. Тергеушілердің хабарлауынша, экс-шенеуніктің қоймаға кіру құқығы болмаған, алайда ол жолын тауып бәрібір сол жерге барып, қалтасын монетаға толтырып шығып отырған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар