08:21, 05 Шілде 2022 | GMT +6
АҚШ-та шеруге шыққандарға оқ жаудырған күдікті ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чикаго іргесіндегі Хайленд-парк елді мекенінде тәуелсіздік күніне орай өткен шеру кезінде оқ жаудырған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, атысқа күдікті ретінде 22 жастағы Роберт Кримо III ұсталған.
Еске салсақ, Чикаго іргесіндегі Хайленд-парк елді мекенінде тәуелсіздік күніне орай өткен шеру кезінде белгісіз біреу адамдарға оқ жаудырды. Оқиғадан 6 адам мерт болып, 20-дан астам адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Қылмыс орнынан винтовка табылды.Соңғы уақытта АҚШ-та мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Тек өткен айдың соңындағы демалыс күндері АҚШ-та 10 өңірде жаппай атыс болды. Одан жеті адам қаза тауып, 46 адам жарақат алды.