АҚШ-та шие дәнектерін түкіретін «ең үздік түкіргіш» анықталды
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - АҚШ-та шие дәнектерін түкірушілер арасында кезекті чемпонат өтті. Жарыстың қатысушылары талап бойынша шие дәнегін алысқа түкіру керек болды.
Турнирге алғаш рет қатысып тұрған Ронн Мэтт шие дәнегін 21 метр 45 см-ге түкіріп, 2012 жылдың жеңімпазы атанды, деп хабарлады Лента. ру Associated Press -ке сілтеме жасап.
Түкіргіштер чемпионаты алғаш рет осыдан 39 жыл бұрын өткізілген болатын. Ұйымдастырушылар бұл жарысты халықаралық деңгейдегі сайыс деп атайды.