АҚШ-та шіркеуде тегін сыра тарата бастады
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-та соңғы уақытта жастардың шіркеуге сирек баратыны байқалуда. Соған байланысты шіркеу қызметкерлері дереу қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын іздей бастады, деп хабарлайды Mignews.
Портлендте жастарды дінге тарту үшін шіркеуде тегін сыра таратылу жұмысы қолға алынды. Бұл тың шара "Сыра және Әнұран" деп аталды. Тегін сыра үшін жастар шіркеуге ағыла бастады. Қолға алынған шараның оң нәтиже бергеніне көзі жеткен өзге шіркеулер де портлендтік шіркеудің жолын қуған.
Қазіргі уақытта бұл шара Орегон штатында ғана емес, сондай-ақ Мичиган және Вирджинияда да жалғасын тауып келеді.