АҚШ-та «шошқа тұмауымен» ауырғандардың саны 68-ге жетті

НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ-тың Ауруларды бақылау және олардың алдын алу жөніндегі орталығы соңғы мәліметтер бойынша,

АҚШ-та «шошқа тұмауымен» ауырғандардың саны 68-ге  жетті
елде «шошқа тұмауымен» ауырудың 68 оқиғасы тіркелгенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Нью-Йорк қаласында ? 45 оқиға, Калифорния штатында - 13, Техаста - 6, Канзаста ? 2, Индиана және Огайа штаттарында ? бір-бір оқиға тіркеліп отыр. Елдің медициналық мекемелеріне Мексикадан оралған адамдарға, тыныс жолы ауруларының белгілері байқалған азаматтарға баса назар аударуға кеңес берілуде. АҚШ Президенті Барак Обама инфекциямен күресу жөніндегі төтенше қор үшін Конгрестен 1,5 миллиард доллар сұрап отыр. Ал Куба болса осы індеттен 150-ден астам адам көз жұмған Мексикаға әуе рейстерін жасауға ресми тыйым салып отыр. Бұл індетті жұқтырғандар Жаңа Зеландия, Израиль, Канада, Ұлыбритания және Испания елдерінде тіркелуде.