АҚШ-та соңғы 100 жылда болмаған қалың қар түсті

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың орталық штаттарында соңғы жүз жылда болмаған қар жауды. Жергілікті халық пен қонақтап келген туристер, барлығы 60 миллионнан астам адам қолайсыз ауа райынан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды Утро.ру.

АҚШ-та соңғы 100 жылда болмаған қалың қар түсті

Әдетте қалың қар түспейтін Канзас, Миссури, Колорадо, Аризона және Небраска штаттарында 45 сантиметр жауын-шашын түскен. Соңғы рет мұндай жағдай 1912 жылы болған екен.

Осынша қарды күтпеген жергілікті билік көшелер мен жолдарды тазалап үлгермей жатыр. 2 штатта төтенше жағдай енгізілді.