АҚШ-та сот әнші Крис Браунды бір жылға соттауға үкім шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорниялық сот жұма күні әнші Крис Браунды сынақ мерзімінің шарттарын бұзғаны үшін бір жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды, деп жазады ИТАР ТАСС.
Әнші 14 наурызда агрессия ұстамасынан мәжбүрлі ем алып жатқан Малибудағы (Калифорния штаты) реабилитациялық орталықтан рұқсатсыз қашып кеткендігіне байланысты тұтқындалған. Бұдан басқа, Браун медбикелердің бірін шынтағынан тартып, қанында тыйым салынған препараттардың бар-жоқтығына талдау жасатудан бас тартқан деп хабарланды. Осының бәрі әншінің түрмеге қайта келуіне негіз болды.
Музыкантқа қарсы қылмыстық іс 2009 жылы қозғалған, оны Лос-Анджелес соты белгілі әнші, өзінің бұрынғы құрбысы Рианнаны соққыға жыққаны үшін бес жылға түрмеге жатқызуға және алты ай түзеу жұмыстарын орындауға үкім шығарған. Содан кейін әнші «отбасылық жанжалға» бейім адамдарға арналған сауықтыру курсын алған болатын.
2013 жылғы қазанда Браунды Ақ үйге жақын жерде төбелеске дейін барған жанжалға қатысқаны үшін тұтқындалған. Дәл осы жағдай оның Малибудегі арнайы медициналық мекемеде үш айлық ем қабылдауына себеп болған.