АҚШ-та сот отырыс барысында телефоны қоңырау соға бастаған судья өз-өзіне айыппұл салды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Мичиган штатының Иония округінің судьясы Раймонд Воут тыңдаулар барысында оның ұялы телефоны қоңырау соға бастағаны үшін өз-өзіне айыппұл салды.

АҚШ-та сот отырыс барысында телефоны қоңырау соға бастаған судья өз-өзіне айыппұл салды

Бұл туралы Sentinel-Standard жергілікті басылымы хабарлады.

Мәлім етілгендей, істердің бірі бойынша өтіп жатқан сот отырысында прокурордың сөз сөйлеуі барысында судьяның смартфонында дыбыстық қоңырау шалу бойынша қатты дауыс функциясы кенеттен қосылып кеткен. Смартфонды таяуда ғана сатып алған және оны басқаруды толық меңгеріп үлгермеген Р.Воут дыбысты біршама уақыт өшіре алмады, салдарынан сот отырысында кідіріс болды.

Өзінің судьялық мансабында сот залында телефондары соққан адамдарға қатаң қарап келген Воут, сотқа құрметсіздігі үшін өз-өзіне айыппұл салу шешімін қабылдады. 25 доллар көлеміндегі айыппұлды ол көп созбай кассаға барып төледі.