АҚШ-та Спасский мен Фишер ойнаған шахмат тақтасы бәссаудаға қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1972 жылы Кеңес одағынан Борис Спасский және америкалық Роберт Фишер ойнаған шахмат тақтасы АҚШ-та Heritage Auctions аукцион үйі ұйымдастырған сауда-саттыққа қойылатын болады.
Бұл туралы аукцион үйінің ресми өкілдері мәлім етті.
Бәссауда қарашаның 17-нен 19-ы аралығында америкалық Даллас (Техас штаты) қаласында өтеді.
Лоттың бағалық құны $300 мың. Бұл тақтада әлем чемпионы атағына таласқан Фишер мен өз титулын қорғаған Спасский кездесулерінің 21 партиясының 7-еуі ойналған. Ойын 1972 жылы Рейкьявикте өтті және америкалық гроссмейстердің пайдасына шешілді.
Тақтада қара маркермен жазылған Спасский мен Фишердің қолтаңбалары бар. Бұл затты сауда-саттыққа аты құпия Нью-Йорктің коллекционер қойып отыр.
Борис Спасский (1937 жылы туған) 1969 жылы Тигран Петросянмен арадағы екінші матчтан кейін әлем чемпионы атанды. Фишер (1943-2008) 1948 жылы шахмат тәжіне КСРО атынан шықпаған бірінші үміткер болды.