АҚШ-та Стив Джобстың тұңғыш өмірбаяны саудаға түсті

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-та дүйсенбі күні Apple-дің негізін қалаушы Стив Джобстың өмірбаяны саудаға түсті.

АҚШ-та Стив Джобстың тұңғыш өмірбаяны саудаға түсті

Bnews.kz «АиФ»-ке сілтеме жасап хабарлауынша, 650 беттік «Стив Джобс» кітабы 35 доллар болып белгіленді. Кітапты интернет-дүкендерде де сатып алуға болады.

Джобстың дара әрі ресми өмірбаянының авторы Уолтер Исааксон өз кітабында Стив Джобстың Apple операциялық жүйесінің бас бәсекелесі Google-дің Android-ын құртпақ болып, осы мақсатта компанияның барлық ақшасын құрбан етуге дайын болғаны жөнінде әңгімелейді, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.

«Мен Android-тың көзін құртам, себебі ол - ұрланған өнім. Мен ол үшін ядролық соғысқа баруға дайынмын», - деген Исааксон кітабының үзінділерін мысалға келтіреді агенттік. Автордың сөзіне қарағанда, Джобс Android-ты «ірі ұрлық» деп санаған.

«Егер қажет болса, осы қателікті түзету үшін мен соңғы демім қалғанша, Apple-дің банктегі 40 млрд долларының соңғы центі қалғанша күресетін болам», - деген кітап үзінділерін келтіреді Би-би-си.

Естеріңізге сала кетейік, Стив Джобс 2011 жылдың 5 қазанында ісік ауруынан қайтыс болды.