АҚШ-та студент 14 адамды жарақаттады
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Техаста куәгерлердің айтулары бойынша тәртіп сақшылары 14 адамды пышақпен жарақаттаған студентті ұстады.
Бұл туралы БиБиСи агенттігі хабарлайды.
Оқиға Хьюстон маңындағы Сайпресс қаласында Lone Star колледжінің кампусында орын алған. Ғимараттағы халық қауіпсіз жерге көшірілді. Ал кампустың өзі тергеу жұмыстары аяқталғанша жабылған. Жарақаттанғандардың төртеуі тікұшақпен ауруханаға жеткізілді, олардың екеуінің жағдайы тым мүшкіл.
Полиция қызметкерлері бейне бақылау камерасындағы жазбаны тексерген. Олардың айтуларынша, қылмысқа күдікті тек бір адам ғана бар. Шериф Андриана Гарсияның сөзіне сүйенсек, қолға түскен күдіктінің жасы 21-де. Ол Lone Star колледжінің студенті.