АҚШ-та студент полицейлерге оқ жаудырып, біреуін өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 9 қазан күні Лаббок қаласында Техас технологиялық университетінің студенті полиция офицерін өлтірді. Болған оқиға туралы NBC телеарнасы хабарлады.
Аталып өтілгендей, студентті оқу ордасының аумағында орналасқан полиция учаскесіне тексеру үшін алып келген. Жас жігіт тәртіп сақшыларын тапаншамен атып, бір полицейді өлтірді. Қазіргі таңда оқиға орнына арнайы жасақ барған. Олар автомобильге мініп, ізін суытып үлгерген оқ атушыны іздестіріп жатыр.
Құқық қорғаушылар университеттің аумағын қоршауға алды. Оқ атушы бостандықта жүр. Оқу ордасының студенттері мен мамандарына қауіпсіз орынға жасырыну ескертілді.