АҚШ-та студенттер мінген автобус апатқа ұшырады

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Техаста студенттер мінген автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, кем дегенде 13 адам зардап шекті.

АҚШ-та студенттер мінген автобус апатқа ұшырады

Бұл туралы полиция өкілдеріне сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы Бэллингер қаласына жақын маңдағы Раннес округінде болды. Жергілікті аграрлық университеттің студенттері мен ұстаздары қайырымдылық көмек көрсету үшін балалар үйіне бара жатқан. Жолдың айналмасында жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай, автобус аударылып қалған. Апаттың себебі анықталуда.