АҚШ-та студенттік қалашықтағы атыстан 7 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорниялық Санта-Барбара қаласында автокөліктен атылған оқтан жеті адам ажал құшты. Бұл туралы АҚШ полициясы хабарлап отыр, деп жазады ВВС.

АҚШ-та студенттік қалашықтағы атыстан 7 адам көз жұмды

Бұл оқиға Санта-Барбара университетінің студенттік қалашағы маңында орын алды. Полиция мәліметі бойынша адамдарға оқ жаудырған адамның өзі қайтыс болды. Университет басшылығы мен полиция қызметкерлері қала тұрғындарын әзірге көшеге шықпауға шақырды.