АҚШ-та су тасқынынан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Американың Кентукки штатында қатты су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 21 адамға жетті, деп хабарлайды NBC News.

Луисвилдегі Ұлттық метеорологиялық қызметінің кеңсесі хабарлағандай, осы аптада ауа райы жылы, құрғақ болады деп болжанып отыр. Бұл штаттағы жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.
660-қа жуық тұрғын әлі күнге дейін жарықсыз қалған. Штат бойынша 100-ден астам жол жабық, кентуккилік 600-ге жуық тұрғын қонақүйлерде, мектептерде және шіркеулерде паналап жүр, деп хабарлады губернатор Энди Бешир.
- Кентукки соңғы жылдары болған ең үлкен табиғи апаттардың бірін бастан өткерді, оның зардаптары бүкіл штатта сезілді, - деп жазды Энди Бешир.
Штат апат салдарын жоюға көмек көрсету үшін федералды мақұлдауды күтіп отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, бір апта бұрын АҚШ-тың Кентукки штатында адамдар су деңгейінің тез көтерілуінен зардап шекті. Мыңнан астам құтқару операциясы жүргізілді, сегіз адамның қаза тапқаны расталды.