16:34, 23 Қыркүйек 2011 | GMT +5
АҚШ-та сұраныс төмендейді деген қауіптен мұнай бағасы арзандап кетті
АСТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қара алтынның бағасы кеше Федералдық резервтік жүйенің АҚШ-та мұнайға деген сұраныстың төмендеуі салдарынан экономикаға төнген бірер қауіп бар екендігі жөніндегі хабарламасынан кейін күрт арзандап кетті, деп хабарлайды FINMARKET.RU.

22 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша NYMEX Нью-Йоркск сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың қарашалық фьючерстерінің баға белгіленімдері 5,41 долларға құлап (-6,3%), барреліне 80,51 долларды құрады.
Brent маркалы мұнайдың қарашалық фьючерстерінің құны ICE биржасында 4,87 долларға төмендеп (-4,4%), 105,49 долларға теңесті.
Бүгін мұнай бағасы өсуде. Қарашалық фьючерс Мәскеу уақыты бойынша 7:59-да Нью-Йорктегі электрондық саудада 0,59 долларға өсіп, барреліне 81,10 долларға дейін жетті. Brent маркалы мұнайдың бағасы да 0,59 долларға өсіп, барреліне 106,30 долларды құрады.