АҚШ-та Светт қаласы 400 мың долларға сатылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Дакота штатының Светт қалашығының иесі қаланы 400 мың долларға сатуға қойды, деп хабарлады РИА Новости Rapid City Journal газетіне сілтеме жасап.
Светт қалашығының жалғыз тұрғыны әрі Ланс Бенсон оны тұрғын үйі, дәмханасы, шеберханасы, үш трейлері және алты акр жерімен сатуға қойғанын хабарлады. Бенсонның айтуынша, ол қаланы өзіне қалдырғысы келген, алайда қала қожайыны қазіргі таңда туризммен айналысатын бизнесіне ден қоймақшы.
«Бұл қаланы сатқым келіп тұрған жоқ. Егер оны бір жылдың ішінде ешкім алмаса, өзіме қалдырамын», - деді Бенсон газетке берген сұхбатында.
Ауылдардағы басқа да қалашықтар сияқты, Светт соңғы жарты ғасырда елсіз қалған. Мұндағы барлық тұрғындар ірі қалаларға көшіп кеткен. 1940 жылдары бұл елді мекенде 40-қа тарта адам тұрған, азық-түлік дүкені мен пошта жұмыс істеген. Қазір бұл жердің бірден-бір тұрғындары Бенсон мен оның әйелі болып табылады.