АҚШ-та табиғи апаттардан өткен жылы миллиондаған адам баспанасыз қалған

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – 2022 жылы АҚШ-тағы дауыл, су тасқыны және өрттен миллиондаған адамдар зардап шегіп, экономикаға миллиардтаған доллар зиян келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

АҚШ-та табиғи апаттардан өткен жылы миллиондаған адам баспанасыз қалған

Санақ бюросының мәліметі бойынша, табиғи апаттан шамамен 3,4 миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Олардың 40%-ға жуығы бір апта ішінде үйлеріне оралды, шамамен 16%-ы бұрын тұрған үйлеріне қайтпаған, ал 12%-ы алты айдан астам уақытқа эвакуацияланды.

Зардап шеккен тұрғындардың ең көбі келесі штаттарда: Флорида – 888 мыңнан астам, Калифорния – 387 мың, Луизиана – 368 мың, Техас – 292 мың, Нью-Джерси – 108 мың және Массачусетс – 105 мың адам.

Ұлттық мұхиттық және атмосфералық зерттеулер басқармасы 18 экстремалды күн райы құбылысының әрқайсысы 1 миллиард долларға экономикалық шығын келтіргенін мәлімдеді.

Климат сарапшылары жаһандық температура көтерілген алапат апаттар көбейеді деп ескертеді.

Фото: Ricardo Arduengo / AFP via Getty Images