АҚШ-та табиғи өрттер 500 үйге жуық үйді құртты

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Американдық Колорадо штатында табиғи өрттер салдарынан кемінде 473 үй жанып кетті. Бұл туралы Утро.ру шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ-та табиғи өрттер 500 үйге жуық үйді құртты

Бұдан бұрын кемінде 360 үй отқа оранып, екі адам тілсіз жаудың құрбаны болғаны хабарланған болатын. Колорадода 40 мыңға жуық адам көшірілді.

Өрт сөндірушілер от шарпыған жерлердің 30 пайызын ауыздықтады. Американдық БАҚ-тың хабарлауынша, сенбі күні адамдар үйлеріне оралмақ.