АҚШ-та тағы бір круиз лайнері коронавирусқа байланысты карантинге алынды

None
None
САН-ФРАНЦИСКО. ВВС- ҚазАқпарат – «Гранд принцесс» круиз лайнері Калифорния жағалауындағы теңізде 21 ақпанда Сан-Францискода кемеден түскен алдыңғы сапардағы жолаушылардың біріне коронавирус диагнозы қойылғаннан кейін карантинге алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

71 жастағы ер адам сәрсенбі күні Сакраменто емханасында көз жұмды. Оның коронавирус жұқтырғаны хабарланған.

Бұл Covid-19 вирусынан көз жұмған Калифорниядағы алғашқы, АҚШ-тағы он бірінші жағдай. Осы хабарды естігеннен кейін Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом штатта төтенше жағдай жариялады.

«Гранд принцесс» круиз лайнері Жапонияда карантинге алынған «Даймонд принцесс» кемесімен бір топқа жатады. Екі круиз лайнері де Carnival компаниясына тиесілі. 21 ақпанда кеме Гавайиге бару үшін Мексикадан оралды.

Рейс тоқтатылды, ал кеме Калифорния жағалауындағы ашық теңізде алдыңғы сапардағы жолаушылардың біріне коронавирус диагнозы қойылғаннан кейін карантинге алынған. Бортта 62 адам болған.

Бұл жолаушылар өз каюталарында оқшауланған, қалғандары кемеде еркін жүре алады.

Дәрігерлер «Гранд принцесс» кемесінің 11 жолаушысы мен 10 экипаж мүшесінде коронавирус болуы мүмкін деп болжап отыр.


Соңғы жаңалықтар