18:07, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
АҚШ-та тақтатас мұнайын өндіретін алғашқы компания банкротқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың слансты мұнай өндіретін WBH Energy компаниясы энергия тасығышқа әлемдік бағаның күрт төмендеп кетуінен банкротқа ұшырғандығын жариялады, деп хабарлады РИА Новости.
АҚШ-тың Техас штатындағы WBH Energy соңғы айларда шикізат мұнайына бағаның түсіп кетуінен 50 миллион доллар көлемінде қарызға батқан.
WBH Energy-дің басындағы жағдай және мұнай бағасының құлдырауы осы саладағы көптеген фирмалардың қаупін артты.