АҚШ-та «талантты» хакер 40 мың кредиткадан ақша ұрлаған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің тумасы Александр Твердохлебов Вирджиния штатының Шығыс округының сотының шешімімен 110 айға түрмеге қамалды. Ол жарты миллион компьютерлерді бұзып, 40 мың кредит карталарынан ақша ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Lenta.ru.
None
None

Қос азаматығы бар Твердохлебов ақпан айында ұсталған, наурыз айында өзінің кінәсін толық мойындап АҚШ билігіне 4,5 миллион долларға бағаланған өзінің биткойн-қорын беруге келісімін берді.

Хакер ұсталғанға дейін Лос-Анджелесте тұрған. Оның депозиттерге сақталған 272 мың доллар қаражаты болған.

Айта кетейік, сот шешімін шығарар алдында судья Твердохлебовты талантты жігіт деп атады.

Соңғы жаңалықтар