АҚШ-та танымал актриса, тележүргізуші қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте бейсенбі күні 82 жасқа қараған шағында актриса, ең танымал америкалық тележүргізушілердің бірі Джоан Риверс қайтыс болды, деп хабарлады ВВС.

АҚШ-та танымал актриса, тележүргізуші қайтыс болды

1960 жылдары телевизиялық «Бүгін кешке» шоуын жүргізген кездерде оның атағы шыға бастады. Ол комедия рөлдерді сомдаған әртіс. Кино саласында алғаш рет «Жүзгіш» фильміне түсті.

Джоан Риверс революциядан кейін Ресейден қашқан босқын еврейдің отбасында дүниеге келген.