АҚШ-та техникалық ақау салдарынан жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың шығыс жағалауында жергілікті әуе қозғалысын бақылау диспетчерлік орталығындағы компьютерлерде шыққан ақау салдарынан бірнеше сағатқа тоқтатылған ұшулар қалпына келтірілді.
None
None

Компьютерлердегі ақау Нью-Йорк, Вашингтон және Балтимор әуежайларында жүздеген әуе рейстердің уақытында жүруіне кедергі келтірді.

Франс пресс агенттігі хабарлағандай, әуежайлардағы жағдай ақырындап қалпына келіп жатыр.

Билік ақаулықтың шығу себебін анықтап жатқанын және кибершабуыл жасалмағанын айтты, деп хабарлады Би-би-си .

Соңғы жаңалықтар