АҚШ-та тікұшақ апаты кезінде бес адам қаза болды

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат. Лас-Вегас қаласына жақын жерде орналасқан «Мид көлі» ұлттық демалыс аймағының үстімен ұшып өтіп, әуе экскурсиясын жасап жүрген тікұшақ апаты кезінде бес адам қаза тапты. Бұл туралы демалыс аймағының өкілі Эндрю Мунос мәлім етті.
None
None

Тікұшақ апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де болды. Саябақтың қауіпсіздік қызметінің қызметкері жарылыс дыбысын естіп, көлдің батысына қарай шамамен 6,5 шақырым қашықтықтан түтін көргенін айтты. Әуе апатында әуе кемесінің ұшқышы және барлық жолаушылар қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар