АҚШ-та тиранозавр қаңқасы аукционға қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — Америкада 67 млн жылдық тираннозавр қаңқасы аукционға шығарылды. Оның болжамды құны 30-40 млн доллар деп бағаланды, деп хабарлайды ТАСС.
Sotheby’s аукцион үйі сауданы 14 шілдеде өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл «титан кесірткесінің» толық сақталған қаңқаларының бірі. Ол 2021 жылы екі аяқты жыртқыштың тасқа айналған қалдықтары табылған Оңтүстік Дакотадағы фермер Гари «Гус» Ликингтің құрметіне «Гус» лақап аталды.
2024 жылы Citadel хедж-қорының негізін қалаушы Кен Гриффин Нью-Йорктегі Sotheby’s аукционында рекордтық 44,6 миллион долларға Apex лақап аты бар стегозавр қаңқасын сатып алды. Лот бастапқыда 4 пен 6 миллион доллар аралығында бағаланды. Apex қазір Нью-Йорктегі Американдық табиғи тарих мұражайына қойылған.
Аукционда сатылған алғашқы динозавр қаңқасы да тираннозаврға тиесілі болған. Аукционды 1997 жылы Sotheby’s өткізіп, «осы уақытқа дейін табылған ең толық» тираннозавр сүйектері «Сью» деп аталған. Ол палеонтолог Сюзан Хендриксонның құрметіне аталды. Қаңқа 1990 жылдың сәуірінде Оңтүстік Дакотадағы ранчо аумағында табылған. Бұл жер сиу тайпасының өкілі Морис Уильямсқа тиесілі еді. Ол өз жерін құнсыз деп санағанымен, оның астында нағыз қазына жатқанын білмеген. Қаңқаны Чикагодағы табиғи тарих мұражайы 8,4 млн долларға сатып алған.
Айта кетейік, Таиландта ғалымдар салмағы 30 тонна болатын алып динозаврдың сүйегін тапты.