АҚШ-та тірі адамды мәйітханаға аттандырған дәрігерлердің ісі қайта қаралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияның апелляциялық соты дәрігерлер алдын ала көз жұмған деп жариялаған 80 жастағы кейуана туыстарының талабы бойынша сот өндірісін қайта қолға алды, деп хабарлады Би-Би-Си.
Мария де Иесус Арройо аурухана мәйітханасы тоңазытқышына салынғаннан кейін қайтыс болды. Бұл оқиға 2010 жылы болды, деп хабарлайды Рейтер.
2012 жылы мамырда төменгі инстанциядағы сот Лос-Анжджелес ауруханасының дәрігерлерін қылмыстық немқұрайдылыққа айыптаған туыстарының талабын мерзімі өткен іс ретінде кері қайтарған болатын.