АҚШ-та «Титаник» алып кемесінің апаты болған жерге теңіз саяхаттары ұйымдастырылды
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат. «Тереңдегі экспедиция» американдық компаниясы тілек білдірушілердің барлығына Атлант теңізінің Ньюфаундленд аралында «Титаник» алып кемесінің апаты болған жерге саяхат жасап, ресейлік «Мир» тереңдегі аппаратымен батып кеткен мұхит кемесінің ішіне кіруді ұсынады. Бұл туралы шетелдік БАҚ-ы хабарлайды.
Екі аптаға созылатын саяхатқа Канаданың Сент-Джонс қаласынан басталып аталған жерге дейін және қайта оралу, сондай-ақ мұхит кемесіне кіру жатады. Оның бағасы - 60 мың АҚШ доллары. Саяхат кезінде жолаушылардың «Титаник» тарихымен мұқият танысуға және бірнеше қосымша батыру арқылы мұхиттың әсем су асты өмірімен танысуға мүмкіндігі болады.