АҚШ-та ТМД-лық 37 студент алаяқтық жасады деп айыпталуда

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та ТМД елдерінен барған 37 студент алаяқтық жасады деп айыпталуда. Құрама Штаттардың құқық қорғау органдары Ресей, Украина, Қазақстан және Беларусь елдерінің 37 азаматына осындай айып тағып отыр. Олардың 20-сы - қамауға алынған, қалған 17-сіне -іздеу жарияланды, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

АҚШ-та   ТМД-лық  37 студент  алаяқтық  жасады  деп  айыпталуда

Тергеу мәліметтері бойынша, олар «ондаған банк шоттарына алдын-ала компьютерлік вирус «жұқтырып», американдық банктерден 3 миллионнан астам доллар ұрлау үшін жалған жеке куәліктерді пайдаланған деген күдіктер келтірілуде.

Айыпталушылардың барлығы - АҚШ аумағында оқитын ТМД-лық студенттер.