АҚШ-та толассыз қар жаууынан 8 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы толассыз жауған қардың салдарынан құрбан болған адамдар саны арта түсуде, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

АҚШ-та толассыз қар жаууынан 8 адам көз жұмды

Соңғы мәліметтер бойынша 8 адам қазаға ұшыраған.

Жергілікті билік орындарының нақтылауынша, Нью-Йорк штатында алты адам және Нью-Гэмпшир және Мичиган штаттарында тағы екі адам көз жұмған.

Метеорологтардің болжауынша жауын-шашын күшейе түспек, енді жақында аймақта жылдық нормадағы қар түсуі мүмкін дегенді айтады.

Нью-Йорктың он округінде табиғаттың тосын мінезі салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді. Баффало қаласының халықаралық әуежайында авиарейстердің 40 пайызға жуығы тоқтатылды, ал көптеген елді мекендерде көлік қозғалысы қиындай түскен.